Главная Новости ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ - ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР!
24 января, 2019 г.                  318665
ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ - ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР!

23 қаңтар 2019 жыл Астана қаласындағы "Нұр әлем" павильонында ("EXPO-2017" көрме кешені) "Тәуелсіздіктің ұрпақтары" атауымен Елбасының қатысуымен Жастар жылының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Мемлекет басшысының, Үкімет мүшелерінің, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының, жергілікті атқарушы органдар басшыларының, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты кеңесінің мүшелері, "100 жаңа есім" байқауының жеңімпаздары, "Болашақ" бағдарламасының түлектері және әр түрлі салада жетістікке жеткен жалынды жастар қатысты. Форумда түрлі салада қызмет ететін және білім алып жатқан жастар сөз сөйледі. Олар өз салаларында жеткен жетістіктерін баяндап, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа "жастардың жетістікке жетіп, елге қызмет етуіне мүмкіндіктер жасағаны үшін" алғысын білдірді.





Ел тарихында қалатын жастардың жігерлі форумын Қазақстан инженерлік – технологиялық университетінің басшылары, оқытушы- профессорлар құрамы мен студенттері жалпы саны 500- ге жуық адам тікелей эфирде тамашалады.





Жастар жылы – Қазақстан үшін алғаш рет бастау алған бірегей және кең ауқымды оқиға. Елбасының Жарлығымен 2019 жыл жастар жылы болып жарияланып, оның аясында мемелекеттік жастар саясатын қолдауға және іске асыруға бағытталған шаралар жастардың еліміздің ірі мегаполистік қалаларында баспанамен қамтамасыз етілуі, жоғарғы білімі бар жастардың жұмысқа орналасуы, жастардың аграрлық, иновациялық жобаларын қолдау, студент жастардың сапалы білім алуы үшін жағдай жасап, студенттік жаңа жатаханалардың санын көбейту, волонтерлық қозғалыстармен айналысатын студент жастардың шәкіртақыларын 30%-ға арттыру, жастар туризмін дамыту, жас кәсіпкерлер үшін грант бойынша бөлінетін қаржы санын өсіру,өнерлі және спортқа жақын жастарды жан-жақты қолдау секілді мақсат-міндеттер айқындалып, түрлі жобалар қабылданатын болды.





Қазақстан жастар жылына аяқ басты бұл Елбасының еліміздің болашағы болып табылатын жас ұрпаққа деген үлкен әрі ерекше қамқорлығының көрінісі. Біз ҚазИТУ жастары Жастар жылында іске асатын жарқын бастамаларды қолдап, бар ынта-жігерімізбен ел болашағы үшін еңбек ететін боламыз.

Ендеше Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті еліміздің барша жастары мен студенттерді Жастар жылының ашылуымен құттықтаймыз!

Студенттік баспасөз қызметі