Главная Новости «Жастар ұйымдары комитетінде» – жаңа басшы!
05 март, 2018                  318684
«Жастар ұйымдары комитетінде» – жаңа басшы!
28-ақпан Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде Жастар ұйымдары комитетінің есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Конференцияға 82 делегат сайланды. Студенттермен қатар ректор Н.М. Темірбеков бастаған басшылар мен оқытушы-профессорлар да қатысты. Күн тәртібінде қаралған бірінші мәселе бойынша «ҚазИТУ Жастар ұйымдары комитетінің 2016-2018 жж. атқарған жұмысының есебін» ЖҰК президенті Кеңесбеков Береке баяндады. 2-жыл бойы жасалған жүйелі жұмыстардың қортындысы «жақсы» деп бағаланды.

Екінші мәселе болып Жастар ұйымдары комитетінің төрағалығына үміткерлер Дәулеткелді Тұрар, Перединова Эльдана, Асылжанқызы Елдана, Батай Меруерт сайлауалды бағдарламаларын баяндады.Үміткерлер бағдарламалары алдын-ала, бір ай бұрын ілініп, студенттер толығымен танысуға мүмкіндік беріліп, талқылылау жұмыстары жүргізілген болатын.

Делегаттардың дауыс беруінің шешімімен, жиналған дауыстар саны бойынша басым дауыспен озып шыққан «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығының 2-курс студенті Батай Меруерт Айдынқызы «Жастар ұйымдары комитетінің» президенті болып сайланды.

Университеттің қоғамдық өміріне белсене араласып, сабағында озат, сөзіне тиянақты Меруерт өзінің кіріспе сөзінде елінің патриоты екендігін, жастар игілігі үшін жұмыс жасау және жастарды патриоттыққа тәрбиелеу – оның басты мақсаттарының бірі екендігін атап өтті. Жастар комитетінің жаңа құрамына табыстар тілейміз!