Главная Новости ҚазИТУ жастары «Нұр Отан» ардагерімен кездесу өткізді.
22 ноября, 2018г.                  320972
ҚазИТУ жастары «Нұр Отан» ардагерімен кездесу өткізді.
Қазақстан инженерлік - технологиялық университетінде «Ардагерлерді-ардақтайық» жобасы аясында «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, «Нұр Отан» ардагері Тоққожаев Бекежан Бірімжанұлымен жастардың кездесуі өтті.

Студенттер үйінің конференция залында өткен кездесу жинына Алматы қаласы студенттерінің G-38 қоғамдық ұйымы, Бостандық ауданының «Жас Отан» жастар қанаты, Алматы қалалық студенттер алянсы, Жоғарғы оқу орындарының Жастар комитетінің төрағалары мен өкілдері және ҚазИТУ Жастар Ұйымдары комитетінің барлық белсенді студенттері қатысты.

Басқосуда сөз алған Бекежан Бірімжанұлы «Тәуелсіз еліміздің болашағы сендер секілді білім мен ғылымға ұмтылған жалынды – жастар! Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында бүгінде жастардың мүмкіндіктерін жүзеге асыруға үлкен қолдау жасалып жатыр. 2019 жыл- «Жастар жылы» деп жариялануы осының дәлелі. Сондықтан тек жақсы оқып, еңбектеніп еліміздің еңсесін биік ұстар патриот азамат болыңдар!» - деп жастарға деген жүрекжарды тілегін айтып,батасын берді.

«Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалы Саяси кеңесінің бюросының мүшесі, университет проректоры Г.А.Сарсенбекова жиынды қорытындылап, алғысын білдірді.

Студенттік баспасөз қызметі