Главная Новости ҚазИТУ колледжінде «Мастер класс» ұйымдастырылды
2 февраля, 2019 г.                  318680
ҚазИТУ колледжінде «Мастер класс» ұйымдастырылды

2.02.2019ж. күні ҚазИТУ колледжінің «1226000 - Тамақтандыру кәсіпорындары өнімдерінің технологиясы және өндірісін ұйымдастыру» мамандығының студенттерінің ұйымдастырылуымен мастер класс өткізілді.

Студенттер өз қолдарымен тағам пісіріп, өз өнерлерін көрсетті. Жатақхана студенттеріне тағамдарды тегін таратып, студенттерді тамақпен толықтай қамтамасыз етті.

Екі топ өзара сайысқа түсіп, мастер класс көрсетті. Тәтті тағамдарды дайындап, студенттер мен оқытушыларға дегустацияға ұсынды. «Тирамису» және «Вупипай» торттарын жасады. Колледж студенттері ұжымдық бірлестіктерін бірден танытып, қуана жұмыс атқарды.

Колледж студенттері мен оқытушылар дәмін татып, өз ризашылықтарын білдірді. Келесі жолы осындай шаралар колледж қабырғасында көп болмақ.

Мастер классқа қатысып өз үлестерін қосқан студенттерге алғысымыз шексіз!

Арнайы пәндер оқытушысы: Искакова Алтынай Муратовна