13 февраль 2019г                  318607
ҚазИТУ АРУЫ 2019

Бүгін ҚазИТУ-да Жастар жылы аясында Жастар Ресурстық орталығының Жастар жылы аясында ұйымдастырған «ҚазИТУ АРУЫ-2019» байқауының финалдық кезеңі өтті. Үш іріктеу кезеңнен сүрінбей өткен жеті аруымыз сұлулық пен парасаттылықтың тәжіне таласты. Жалпы жүлде қоры 500 000 теңгені құраған бұл ауқымды шарада әділ қазылар алқасының құрамында елемізге танымал өнерпаздар мен кәсіпкерлер: «Бәйтерек» ұлттық киім дүкенінің негізін қалаушы - Қайнолла Флора , мэйк-ап артист, визажист - Айгерім Жаңабаева, Қазақстан дауысы, МузАРТ лайф, I’m singer Kazakhstan байқауларының финалисті, эстрада жұлдызы - Иса Әлимұса және оқу ордамыздың басшысы Сәрсенбекова Гүлнар Әлібекқызы төрағалық етті. Ақтық сайысқа тиянақты дайындалып келген, «сен тұр, мен атайын» деп тұрған қатысушыларымыздың арасынан үздікті таңдау қара қылды қақ жарар қазылар алқасына оңайға соққан жоқ.





Үш сайыстың қорытындысы бойынша «жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жеңіске деген құштарлығы үшін арнайы дипломдар Қайырбекова Асель, Бағланбаева Мөлдір, Жаңабек Ақбота, Әден Іңкәр аруларымызға берілді. Барлық қатысушы қыздар демеушілеріміз «Стрекоза» гүл дүкенінің гүл шоқтарымен, «Юрак» әшекей бұйымдар дүкенінің арнайы сыйлықтарымен марапатталды.





Бір апта бойы инстаграм әлеуметтік желісі арқылы дауыс беру нәтижесінде «Көрермендер көзайымы» номинациясын иеленген Миран Нұрсәулеге «Фитнес Блитз Алматы» жаттығу залының айлық сертификаты және «Tom farr» киім дүкенінің сыйлығы мен диплом табыс етілді. Байқаудың «Вице-МИСС ҚазИТУ 2019» атағына сұлу сымбаты мен әсерлі поэзиясымен ерекшеленген Төрехан Сымбат лайық деп танылып, Айгерім Жаңабаева сән студиясының сертификатымен,«Tom-farr» киім бутигі ұсынған әлемдік брэнд «Виктория Бония» коллекциясына 40% жеңілдік сертификаты, сондай-ақ арнайы диплом иегері атанды.

Сұлулық байқауының жеңімпазы, ақылына көркі сай, сыр мен сымбаты үйлескен, нағыз қазақ қызының көрінісін көрсете білген Әбдіқалық Жібек «ҚазИТУ АРУЫ» атанып, демеушілеріміз «Mika collection» ұсынған байқауға арнайы дайындалған тәжімен, Айгерім Жаңабаева сән студиясының «Сам себе визажист» сертификатымен, «Tom farr» киім бутигінің сыйлығымен және«ҚазИТУ АРУЫ-2019» дипломымен марапатталды.




Әбдіқалық Жібек
ҚазИТУ АРУЫ

Төрехан Сымбат
Вице-МИСС ҚазИТУ

Миран Нұрсәуле
Көрермендер көзайымы



Барша демеушілерімізге сондай-ақ байқауға дайындық кезеңінде қатысушылар мен ұйымдастырушыларды энергетикалық сусындармен қамтамасыз еткен «Redbull» компаниясына және үлкен алғыс білдіреміз! Аруларымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтайыз!