Главная Новости ҚазИТУ да University of Warwick түлегінің курсы өтті
19 март, 2019                  318718
ҚазИТУ да University of Warwick түлегінің курсы өтті
Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде «Операциондық менеджментке кіріспе» атты қысқа мерзімді курсы өтті. Курстың басты мақсаты инженерлік біліктілікті пайдалана отырып, тиімді басқару жолдарымен танысу. Ағылшын және қазақ тілдерінде өткен курс спикері Назарбаев Университеті, "Инженерлік Бизнесті басқару" институтының Академиялық әріптесі, University of Warwick түлегі, ғылым магистрі - Әсемгүл Қожабек болды. Аталмыш курсқа қызығушылық танытып, инженерлік басқарудың тиімділігілі жайында мағұлмат алуға қызыққан студенттер екі күн бойы «Операциондық менеджментке кіріспе» курстарына қатысты. Курс келесі тақырыптар мен кейстар бойынша өтті: "Операциондық менеджментті" қалай түсінеміз? Кейс стади "Zara феномені, "Операциондық менеджменттің" өндірістегі қолданысы, Кейс стади "Toyota Lean Production” және «Interdisciplinary research» - пәнаралық зерттеумен аяқталды.