Главная Новости ҚазИТУ студенттері Т.Забированың концертін тамашалады
24 март, 2017                  318695
ҚазИТУ студенттері Т.Забированың концертін тамашалады
Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің студенттері мен ұстаздары Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясында Нұрғиса Тілендиев атындағы Отырар сазы Қазақ Академиялық фолклорлық-этнографиялық оркестрінің сүйемелдеуімен өткен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Толқын Забированың концертін тамашалап қайтты. Кеш барысында Отырар сазы оркестрі классикалық туындылармен тәнті етсе, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Толқын Забирова халықтың құрмет-қошеметіне бөленді. Оркестрдің көркемдік жетекшісі, Бас дирижері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дінзухра Тілендиева және Мүслім Эмзе дирижерлік етті.

Кеште әншінің аяулы анасы Забирова Зухра Қалиқызы және қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенова қонақ болып қатысты. «MEZZO» квартеті жанды дауыста ән шырқап, концертті көріктендіре түсті. Концертте әнші халық әндерін, қазақ және шетел сазгерлерінің шығармаларын да орындады. Қазақ эстардасында ойып алар орны бар Толқын Забирова, бүгінгі күні музыка академиясында студенттерге сабақ беріп, жас әншілерді дайындайды. Бүгінде әншінің репертуарында түрлі бағыттағы көптеген әндер бар.

ҚазИТУ студенттерінің концерттен алған әсерлері шексіз. Концерт соңында студенттер Толқын Забироваға өз сыйлықтарын сыйлап,естелік суретке түсті. Толқын Забирова өз сөзінде:«Қазақстан Инженерлік-технологиялық университетінің студенттеріне үлкен сәлем! Өзім ұстаз болғандықтан, менің ең бірінші лозунгым "оқы, оқы және окы". Жақсы оқысаңыздар, армандарыңызға жетесіздер. Ертеңгі болашақтарыңыз оқытушыларыңыздың бүгінгі берген білімдерін дұрыстап қабылдаудан басталады. Сіздердің өмірлік нандарыңыз сапалы білім алу мен ұстазға деген құрметтен тұрады. Көзі ашық жастардың болашағы әрдайым жарқын болатынына сенемін. Сондықтан да сіздерге – ҚазИТУ жастарына тілейтінім: бақыт, қуаныш, денсаулық және оқу, оқу және оқу.»-деп ыстық лебізін білдірді.