Главная Новости ҚазИТУ ұжымы Наурызды тойлады
1 апрель, 2017                  318664
ҚазИТУ ұжымы Наурызды тойлады
«Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалы ұйымдастыруымен өткен Наурыз мерекесіне ректор Н.М. Темірбеков бстаған ҚазИТУ ұжымы ұйымдасқан түрде қатысты. Наурыз мерекесіне жиналғандар 30-ға жуық мекемелердің жетістік көрмелерін тамашалады. Сахнада ән айтылып, күй шертіліп, би биленді.

Бостандық ауданының әкімі Б.Н. Торғаев ҚазИТУ көрмесін тамашалап, ұжымға жетістік тіледі.

ҚазИТУ оқытушылары тоғызқұмалақ, қазақша күрес, қаражорға би сайыстарына қатысып, жүлделі орындарды иеленді.

Наурыз мерекесі құт болып еніп, игі істердің бастаушысы бола берсін!

«Бірлік бар жерде тірлік бар», дегендей ұжымның бірлесе атқарар істері көп болып, жеңістерге жете берсін!