Главная Новости ҚазИТУ колледж студенттерінің өзін-өзі басқару комитетінің төрағасы сайланды
05 апрель, 2017                  318755
ҚазИТУ колледж студенттерінің өзін-өзі басқару комитетінің төрағасы сайланды
2017 жылдың 5-сәуір күні колледж студенттерінің өзін-өзі басқару комитетінің төрағасын сайлауы өтті.

Төрағалыққа үміткер 4 студент: Болатбекұлы Ұлықбек, Жумаханов Арман, Сарсенов Алтынбек, Уапанова Алуа өз бағдарламаларын таныстырып, сұрақтарға жауап берді.

Дауыс беруге барлығы 80 студент пен профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты. 4 бюллетень жарамсыз деп танылды.

Сайлау нәтижесі бойынша «Қаржы» мамандығының 2 курс студенті Болатбекұлы Ұлықбек (31 дауыс, дауыс берушілердің -40%-ы) жеңіске жетті.

Құттықтаймыз!!!