Главная Новости Қазақстан халықтарының бірлігі - өркениет құндылығы
2 апрель, 2017                  318720
Қазақстан халықтарының бірлігі - өркениет құндылығы
Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің ректоры Н. Темірбеков бастаған ұжым 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған Алматы қаласы әкімдігі мен Бостандық ауданы әкімдігі ұйымдастырған шараларға белсенді қатысты.

Мереке аясында ҚазИТУ-да 22-30 сәуір аралығында бірнеше шаралар ұйымдастырылып, тақырыптық эдвайзерлік сағаттарда мерекенің маңыздылығы кең насихатталды.

1-мамыр күні Бостандық ауданы « Мега» орталығында өткен мерекелік шараға проректор Г. Сәрсенбекова бастаған университет оқытушылары мен студенттері қатысып, Қазақстан халықтарының этно көрмесі мен концерттік бағдарламасын тамашалады. ҚазИТУ студенттері спорттық ойындарда да белсенділік танытып, арқан тартыс, ауыр тастарды көтеру, т.б ойындарда жүлделі орындарды иеленді.

«Бірлік бар жерде береке бар», дегендей елімізді мекен еткен халықтардың ынтымағы жарасып, бейбіт заманда өркендеп-өсіп дами берейік!