Главная Студентам Конкурсы для студентов Назар аударыңыздар!!!
01 наурыз, 2017                  318710
Назар аударыңыздар!!!


Университетіміздегі көптен күткен ең ауқымды жоба!

Сымбатты да дарынды, «сегіз қырлы бір сырлы» жігіттер, ақылына көркі сай ару қыздар!

Егер сіздер талантты, шығармашыл жан болсаңыздар, халқымыздың тарихын, мәдениетін және бүгінін білсеңіздер, онда сіздерді 15-16 наурыз күндері «Мистер және Мисс ҚазИТУ» байқауының кастингіне шақырамыз.

Бұл байқауда ең келбетті және талантты студенттер университетіміздің ханзадасы мен ханшайымы атану үшін бақ сынайтын болады. Барлық университеттерде өтетін ауқымды жоба биылғы жылы жаңалықтарға толы болмақ.

Ердің ерін, жігіттің төресін анықтайтын «Мистер ҚазИТУ» байқауы университет тарихында бірінші өтпекші. Сондықтан университетіміздің серісі атануға асығыңыздар. Өткен жылы «Мисс ҚазИТУ» атағын «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандығының 2 курс студенті Азиза Кожибаева жеңіп алған болатын. Бұл жолы университетіміздің бірінші аруы өз тәжін жаңа жеңімпазға салтанатты түрде табыстайтын болады. Ұйымдастырушылар қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен күтпеген тосын-сыйлар дайындауда.

Құрметті, жігіттер және қыздар! Байқауға қатысуға асығыңыздар! «ҚазИТУ жұлдызы» атану мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар! Сұлулық пен ақылдылықтың, таланттың мерекесінде жүздескенше.