Главная Новости «ҚазИТУ Аруы - 2016»
байқауы өтті
05 май, 2016                  318782
«ҚазИТУ Аруы - 2016»
байқауы өтті
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдығы, ҚазИТУ-дың 15 жылдығына орай университетіміздің үлкен залында 4 мамыр күні «ҚазИТУ Аруы - 2016» байқауы өткізілді. Байқауға университетімізден ең үздік деген Арулары іріктеліп, финалдық сайысына жолдама алды. Шарамызды университет ректоры Темірбеков Нұрлан Мұқанұлы ашып беріп, қатысушы Аруларға сәттілік тіледі. Байқауға төрелік етуге Журналист Арайлым Омирбекова, Алматы қалалық «University Lady - 2015» және «Мисс Спорт - 2015» атағының иегері Баян Төребек, «Мы за сильный Казахстан» блогының мүшесі Тоқтарқұл Ұлан, «Hit TV» арнасының «Не хабар - 2016» музыкалық байқауының жеңімпазы Мырзабек Мәди. Әділ қазылардың шешімі бойынша Бас жүлдеге Технологиялар мен жабдықтар мамандығының 2-ші курс студенті Кожибаева Азиза лайықты деп танылып, «ҚазИТУ Аруы - 2016» атағына ие болып, бағалы силықтармен марапатталды. Бірінші орынға ҚазИТУ колледжінің 2-ші курс студенті Сейсеналиева Жанеля ие болса 2-ші орынға Радиотехника және Байланыс мамандығының 2-ші курс студенті Мұхтар Айгүл иеленді.3 орынға Биотехнология мамандығының 1-ші курс студенті Уалиханова Жұлдызай ие болды. Қатысушыларға әділ-қазылар алқасының атынан тегін ағылшын курстарына жолдамалар табысталды.