Главная Кафедры Компьютерлік, автоматтандырылған және телекоммуникациялық жүйелер инженериясы Новости кафедры Талшықты оптикалық желілер туралы не білеміз?
29 қыркүйек 2021                  318978
Талшықты оптикалық желілер туралы не білеміз?

Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде «Есептеу техникасы автоматтандыру және телекоммуникация» кафедарасының оқытушысы А.Е. Айжанова «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» білім беру бағдарламасының  студенттеріне  «Талшықты-оптикалық телекоммуникациялық жүйелер» тақырыбында ақпараттық дәріс оқыды. Дәріс барысында лектор талшықты-оптикалық телекоммуникациялық жүйелер жайлы толыққанды мәлімет берді.

⠀         Дәріс барысында лектор: «Телекоммуникациялық жүйелердің дамуының негізгі бағыты талшықты-оптикалық тарату жүйелерінің талшықты оптикалық қолдануы болып табылады және талшықты-оптикалық тарату жүйелері негізінде оптикалық толқын және сигнал көмегімен оптикалық талшық арқылы таратылатын арқылы хабар таратуға арналған активті және пассивті құрылғыларды түсінеміз. Басқа сөзбен алғанда ТОТЖ оптикалық сигналдардың таратылуы мен өңделуін қалыптастыруды жүзеге асыратын оптикалық құрылғылар мен оптикалық тарату линиясы болып табылады» - деп түсіндірді.

⠀         Ақпараттық дәріс соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кері байланыс оранатты.