Главная Новости Түлектер Eurasia Group компаниясының басшылығымен кездесті
8 қараша 2021 жыл                  318864
Түлектер Eurasia Group компаниясының басшылығымен кездесті

  Компанияның басты міндеті фермерлерге ауыл шаруашылығын дамыту және жоғары сапалы өнім өндіру үшін инновациялық шешімдерді енгізуге және қолдануға көмектесу болып табылады. Кездесу "Rixos" қонақ үйінің конференц залында өтті. Мұндай кездесулер өте маңызды, өйткені студенттерге болашақ мамандықтың ерекшеліктері туралы тікелей білуге, әлеуетті жұмыс берушілермен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді.

  Компаниялардың жетекші өкілдері өздерінің қызметі, практикадан өту үшін орын ұсыну мүмкіндіктері, жұмысқа орналасу және одан әрі жемісті ынтымақтастыққа дайындық туралы баяндады. Сондай-ақ, жұмыс берушілер студенттердің кәсіпорындарда тағылымдамадан өту, бос жұмыс орындары, жалақы, жұмысқа қабылдау кезіндегі сынақ мерзімі және т. б. туралы көптеген сұраққа жауап берді.