Главная Новости Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде Халықаралық студенттер күні аясында ерекше тосын сыйларға толы мереке өтті
18 қараша 2021                  319022
Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде Халықаралық студенттер күні аясында ерекше тосын сыйларға толы мереке өтті

17 қараша - Халықаралық студенттер күні аясында Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде «Қызыққа толы студенттік өмір!» атты мерекелік іс- шара өтті. Бұл шараны студенттер үшін ұстаздары, оқытушы-профессорлар қауымы әзірледі. Мерекелік бағдарлама барысында кафедра меңгерушілері, оқытушы – профессорлар студенттерді құттықтап, Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің ректоры Г.Ә.Сәрсенбеокова атынан ҚазИТУ-дың қоғамдық – мәдени өміріне белсенді араласып, жастар саясатына өзіндік үлесін қосып жүрген студенттер марапатталды.

 

ҚазИТУ ұжымы студенттерге керемет тосын сый ұсынды. Арнайы Халықаралық студенттер күніне орай әзірленген 100 килограммдық «Whoopie pie » торты мерекенің ажарын ашты. Дәмді тортты дайындауда тек сапалы өнімдер қолданылды. Торт 4 қабаттан құралып, түрлі жеміс - жидектермен безендірілді. Студенттерге университет асханасында дастархан жайылып, барлығы торттан дәм татты.

Студенттер күні ұстаздар дайындаған мерекелік концертке ұласты. Бұл кештің ашылу салтанатында Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің ректоры Гүлнар Сарсенбекова құттықтау сөз айтып, студенттерге студенттік билет тапсырды.

 

ҚазИТУ колледжі Әлеуметтік пәндер кафедрасының оқытушысы Динара Жанбыровна Н.Тілендиевтің «Әлқисса» күйін тартып, дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Шолпан Рақымжан «Аппақ Гүлдер» әнін орындады. Оқытушылар құрамы дайындаған флешмоб биі ұсынылып, университеттің кафедра меңгерушілері "Мекенім Қазақстан!" әнімен концерттік бағдарламаны аяқтады.

 

Мереке соңында Студенттер үйінде тәлімгерлер, студенттер мен ата-аналар ашық алаңда мерекелік кездесу өткізді. Тәлімгерлер тобы мерекелік дастархан басында студенттермен сұхбаттасып, фотосессия жүргізіп, ата-аналарымен байланысқа шықты.