Главная Кафедры Компьютерлік, автоматтандырылған және телекоммуникациялық жүйелер инженериясы Новости кафедры Есептеу техникалары, автоматтандыру және телекоммуникациялар кафедрасында «Агроинформатика» білім беру бағдарламасы бойынша дөңгелек үстел өтті
19 қараша 2021                  318968
Есептеу техникалары, автоматтандыру және телекоммуникациялар кафедрасында «Агроинформатика» білім беру бағдарламасы бойынша дөңгелек үстел өтті

2021 жылдың 18 қарашасында «ЕТАжТ» кафедрасында «Агроинформатика» білім беру бағдарламасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Ауыл шаруашылығына жоғары білікті IT мамандарын дайындау, автоматтандыруға бағытталған инновациялық технологияларды қолдану және енгізу, агрономиядағы үлкен деректерді өңдеу мәселелерін талқыға салынды. Дөңгелек үстелге «Агроинформатика» жаңа білім беру бағдарламасының ашылуына арналған пікірталасқа, Хидиров Азамат Эдильбаевич – Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, минералдық қоректену және топырақ агроэкологиясы кафедрасының меңгерушісі, Такабаев Тахир Маратович - ТОО «Академсеть» директоры, Темирбеков Нурлан Муханович - Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының вице-президенті, академик, Бурибаев Жолдас Алладинович – ҚР БҒМ Ғылым комитетінің АЕТИ аға ғылыми қызметкері шақырылды.