Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры Наурыз мейрамы
25 сәуір, 2017                  318727
Наурыз мейрамы
Наурыз – көктем мерекесі, табиғаттың жаңаруы, жаңа жылдың басы, жаңа өмір! Наурыз мерекесі біздің университетте әрдайым көпшілік қуанышпен өтеді. Акт залында үлкен концерт қойылды, біздің кафедраның студенттері белсенді түрде өнер көрсетті. Қызыөты тарихи қойылымдар, билер, және дайындылықта үлкен көмек көрсеткен биздің «Эконмика және қаржы» мамандығынын 1 курс студенттері. "Қыз Жібек пен Төлеген" қойылымында басты кейіпкерімізді ойнаған "Қаржы"мамандығының 1 курс студенті Бектай Сәулет.

Бұл үлкен мейрамның қонағы болған театр және кино актері Бақытжан Əлпейісов.

Акт залындағы концертен кейін, университет ауласында тағыда койылым көрсетілді , қонақтарын киіз үйде молынан жайылған дастархан күтті. Студенттер әткеншек – алтыбақанды тепті. Барлығы ән салып, би билеп, ұлттық ойындар ойнады. Ұлдар арасында армрестлинг және арқан тартыс жарысы өтті, біздің кафедра Әділ Нұрмухаметтің арұасында 2 орынға ие болды!

Барлық ойындардан кейін, барлық қатысушылар үшін мерекелік дастархан жайылды. Басты тағам "Наурыз көже» болды. Мереке жоғары деңгейінде болды!

Наурыз – жанару мен тазару, махаббат пен сұлулық мерекесі! Әрқашан жаныңыз ізгі, көңіліңіз көтерінкі болсын!