Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры «Экономика және Каржы» кафедрасы студенттері Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры қызметкері - Самат Канатұлымен кездесу өткізді
11 сәуір, 2017                  318743
«Экономика және Каржы» кафедрасы студенттері Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры қызметкері - Самат Канатұлымен кездесу өткізді
10 сәуірде 2017 жылда, Қазақстан инженерлік-технологиялық университетте Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры қызметкері - Самат Канатұлымен, «Экономика және Каржы» кафедрасы студенттерімен кездесуі өтті. Бұл кездесуде ол барлық студенттері қорының жүйесімен таныстырды. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің негізгі мақсаты қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, соның ішінде депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда депозиторларға кепілдік берілген өтемді төлеу арқылы банк жүйесіне деген сенімді қолдау болып табылады. Қордың құрылтайшысы – жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылады. Осы сәтте депозиттерге кепілдік беру жүйесіне 32 коммерциялық банкі қатысушылары болып табылады. Бір салымшының əр банктегі барлық депозиттері мен банктік шоттары бойынша мемлекеттік кепілдік мынаны құрайды: 10 миллион теңгеге дейін – ұлттық валютадағы депозиттер бойынша, 5 миллион теңгеге дейін – шетел валютасындағы депозиттер бойынша. Егер салымшының бір банкте түрі мен валютасы бойынша əр түрлі бірнеше кепілдендірілген депозиттері бар болса, онда мемлекеттік кепілдік мөлшері 10 миллион теңгеден аспайды. Болашақ қаржыгерлерге мен бухгалтерлерге бұл ақпарат өте танымдық!