Главная Кафедры Биохимиялық инженерия Новости кафедры Медеу мұз айдынына саяхат!
22 қараша 2021                  318908
Медеу мұз айдынына саяхат!

Студенттік шақ адам өміріндегі түрлі естеліктерге толы жарқын, ұмытылмас сəттердің бірі.  Денсаулықтарын нығайту,көңіл көтеріп таза ауада тыныс алу мақсатында қараша айында Медеу мұз айдынында болды. Бөтен қалада ата-анадан, туған жерден жырақта тұру бастапқыда  бірінші курс студенті үшін қиындау болу мүмкін. Бірақ уақыт өте келе кез-келген ортаға, кез-келген қалаға үйренісіп кетуге болады.  Алматы - табиғаты əсем, мың жылдық тарихы бар студенттер қаласы. Алматы қаласына жыл сайын өзге өңірлерден студенттер көп жиналады. Кешен жаз айында да таптырмайтын мекен. Онда түрлі спорттық жарыстар өткізіледі. Ал қыста негізгі маусымы ашылады.
Мұз үстіндегі конькимен сырғанау шарасына Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің «Жаратылыстану-ғылыми пәндері» кафедрасы студенттері барып, табиғат аясында, таза ауамен тыныстап,көңілді уақыт өткізді.