Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры Шарын шатқалына саяхат
15 қараша 2021                  318859
Шарын шатқалына саяхат

Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде «KazETU travel» саяхатшылар клубы тұрақты жұмыс істеуде.Оған мысал өткен сенбі күні ҚазИТУ студенттері атақты «Шарын» шатқалына кезекті саяхатын жасаған болатын.

Осынау кең-байтақ еліміздегі айтып өтпеске, барып көрмеске болмайтын әсем де келбетті мен табиғаты керемет көз тартарлық жерлер өте көп. Соның бірі біз демалып қайтқан Шарын шатқалы.

Шарын шатқалы Алматы қаласынан 195 шақырым шығысқа қарай орналасқан 2004 жылдың 23 сәуірінде құрылған.Шарын ұлттық паркінің құрамына кіреді. Шарын шатқалы жасы 12 миллион жылға жуық шөгінді тау жыныстарынан қалыптасқан табиғат ескерткіші. Шатқал құздарының биіктігі 150-300 метрге жетеді.Ол республикалық маңызы бар, ерекше қорғалған табиғи парк болып табылады.

Саяхат барысында студенттер Шарын шатқалына экскурсия жасап, әсем табиғатты қызыға тамашалады.Алматы қаласының бірқатар жоғарғы оқу орындарынан 150-ге жуық студент саяхат жасаған Шарын шатқалының табиғаты тамаша .Табиғат аясында таза ауамен тыныстап, көңілді әндер шырқап, қызықты ойындар ойнаған студенттердің саяхаттан алған әсері керемет. Ең бастысы жаңа достар тауып, басқа да жоғарғы оқу орындарының студенттерімен бірге көңілді уақыт өткізді.

Ендігі кезекте «KazETU travel» саяхатшылар клубы келесі саяхатын Қазақстанның тағы бір табиғаттың тамашасы тұнған «Үлкен Алматы көлі», «Көлсай», және «Қайыңды» аймағына жоспарлап отыр.