Главная Кафедры Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы Новости кафедры Тіл – татулық тірегі
12 қазан 2021                  319002
Тіл – татулық тірегі

2021 жылдың 12 қазанында  Қазақстан инженерлік-технологиялық Университетінде  «Технология жабдықтар және стандарттау» кафедрасының  кураторы  Ж.А Каренееваның басшылығымен «Тіл – татулық тірегі» тақырыбына арналған студенттер мен кураторлардың қатысуымен ашық кураторлық сағат өткізді.

Тіл – өте қасиетті ұғым..Қасиетті тіл-ол халықтың өткені, бүгіні және болашағы. Тіл-адам бойына ана сүтімен дариды.Тіл қылыштан да өткір. Тіл тас жармаса, бас жарады деген сөздер бекерге айтылмаған шығар.... Тіл- кейде бізді көптеген жамандықтардан құтқаратын қамал, кейде жамандыққа жетелейтін дұшпан, кейде жақсылыққа апаратын шам. Тілді дұрыс пайдалана білген адам, бәрінеде қол жеткізе алады. Тіл- достықтың, татулықтың алтын көпірі. Біз егеменді еліміз, тәуелсіз Қазақстанда өмір сүріп келе жатырмыз. Ортақ шаңырағымыз аясында 140 тан астам ұлт өкілдері өмір сүріп келеміз. Дініміз де, тіліміз де басқаша болғанына қарамастан, бір шаңырақ астында бір үйдің балаларындай татумыз. Әр біріміздің көптеген армандарымыз орындалып, біреуміз өз ана тілімізде білім алып, біреуіміз өз мамандығымыз бойынша еңбек етіп, ал ата-әжелеріміз сүйікті немере-шөберелерімен бірге бақытты өмір сүріп жатырмыз. Бұл әріне жылдар бойы еліміздің тыныштығын сақтаған Елбасымыздың еңбегінің жемісі. Елбасымыз ешкімді бөліп-жармай, бәрізге бірдей бақытты өмір сүруімізге мүмкіндік жаратты. –деп қорытындылады.