Главная Новости Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құтты болсын!
16 желтоқсан 2021                  318872
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құтты болсын!

   Сіздерді Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн- ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі көркейе берсін.

Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, сәтті күндер, зор жетістіктер тілеймін!

 Ізгі ниетпен, ҚазИТУ ректоры Г.Ә.Сәрсенбекова