Главная Новости ҚазИТУ-да «Бәсекелестік ортадағы университеттердің дамуы: трендтер мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтеді
18 қаңтар 2022                  319087
ҚазИТУ-да «Бәсекелестік ортадағы университеттердің дамуы: трендтер мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтеді

2022 жылы 19 қаңтарда сағат 14.00-де Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде «Бәсекелестік ортадағы университеттердің дамуы: трендтер мен болашағы» атты онлайн форматта  халықаралық  ғылыми-әдістемелік конференция өтеді.

 Халықаралық конференция  жұмысына, Ресей, Ұлыбритания, Латвия жоғарғы оқу орындарының мамандарымен қатар,  еліміздің мемлекет және қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы, «Болашақ» бағдарламасының түлектері мен студенттер қатысады.

 

Конференцияда талқыланатын негізгі тақырыптар: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесін дамыту, сұранысқа ие білім беру бағдарламалары, инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша алдыңғы қатарлы шетелдік жоғары оқу орындарының тәжірибелері, университеттердің ғылым мен инновациядағы рөлі жайында баяндама жасалады.