Главная Кафедры Social and humanitarian disciplines and world languages Новости кафедры Студенттер үйінде «Кафедра күні» өтті
3 march 2022                  318837
Студенттер үйінде «Кафедра күні» өтті

       2 наурыз күні Студенттер үйінде Әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасы «Кафедра күнін» өткізді.Іс-шараға кафедра меңгерушісі мен профессорлық – оқытушылық құрам қатысып, кафедра құрылған кезден бастап, бүгінгі күнге дейінгі уақытқа бейне шолу жасалды. Дәстүр бойынша бұл күні кафедраның және университеттің қоғамдық өміріне белсене қатысып, жоғары білім сапасын көрсеткен студенттерге мақтау қағазы беріліп,  халықаралық сайыстарда жетістікке жеткен студенттер туралы презентациялар көрсетілді.

       Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының   меңгерушісі, А.Б. Нуртазаева,  Кафедра күніне қатысушыларға  алғыс білдірді. Ол барша жиналған қауымды осы тамаша мерекемен құттықтап, кафедраның жұмыс жоспарында бұл іс-шараның ерекше орын алатынын атап өтті. Сондай-ақ, кафедраның оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмысы саласындағы жетістіктері туралы егжей-тегжейлі баяндап, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.