Главная Новости «Жаңа Қазақстан. Күшіміз бірлікте» атты жастар фестивалі өтті
18 наурыз 2022                  318969
«Жаңа Қазақстан. Күшіміз бірлікте» атты жастар фестивалі өтті

        18 наурызда «Алматы Арена» алаңында  «Жаңа Қазақстан. Күшіміз бірлікте» атты жастар фестивалі өтті. Алматы қаласы  бойынша ЖОО-дан  он бес мың студент қатысқан шара,  Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында жарияланған саяси реформалар бағдарламасын қолдау мақсатында ұйымдастырылды.

       Аталмыш іс-шараға ҚазИТУ-дан 400 студент қатысты.Сондай-ақ жастар қозғалысының белсенділері – өнер қайраткерлері, спортшылар, қоғамдық ұйымдар өкілдері, жас кәсіпкерлер де шараға ат салысты.

      Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауында: «Біз адамдардың энергиясына, таланты мен еңбекқорлығына арқа сүйейміз. Әрбір азаматтың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін барынша қолайлы жағдай жасаймыз. Тек осылай ғана біз халқымыздың жасампаздық әлеуетін арттыра аламыз» деп атап өтті.