Главная Новости ҚазИТУ ректоры Президент Жолдауы аясында кафедра ұжымымен кездесу өткізді
25 наурыз 2022                  318888
ҚазИТУ ректоры Президент Жолдауы аясында кафедра ұжымымен кездесу өткізді

Бүгін Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті ректоры Г.А.Сарсенбекова  , 16 наурызда өткен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Парламент  палаталарының бірлескен отырысында жария еткен,  Қазақстан халқына Жолдауын талқылау және түсіндіру бойынша кездесу өткізді.

Кездесу барысында іс-шараға қатысушылар пікір алмасып, еліміздің алдағы кезеңге арналған дамуының негізгі бағыттарын айқындады. Мемлекет басшысы ұсынған саяси реформалардың жаңа бағдарламасы, әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын істер туралы баяндамасы сараланды.

Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті ректоры Г.А.Сарсенбекова  бұл жолдаудың Қазақстанның саяси жүйесін жаңғырту және суперпрезиденттік басқару формасынан мықты Парламенті бар Президенттік республикаға айналу,  қазақстандық қоғамның терең қажеттіліктері мен сұраныстарына негізделгенін атап өтті. Келесі кезекте Экономика және қаржы кафедрасының меңгерушісі Б.Н.Татибеков сөз сөйлеп, республиканың жаңа даму кезеңінің басталуына серпін берген оқиғаларға тоқталды.

Жалпы айтқанда, Президент Қ.Тоқаевтың елдегі түбегейлі өзгерістер енгізуге бағытталған саяси көзқарасына жоғары баға берілді. Сөз соңында әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі А.Б.Нұртазаева: «Ел президентінің «Жаңа Қазақстанды» және «құлақ асушы мемлекетті» құру бағытындағы бастамалары мен ұсыныстары шынымен еліміздің көркеюіне және халқымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайының жетілуіне үлкен септігін тигізеді деп сенеміз. Ең бастысы - ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, Қазақстанның егемендігі, тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығы барлығынан құнды. Біз - Қазақстанның әрбір азаматы осы бағытта аянбай еңбек етіп, президентіміздің бастамалары мен ұсыныстарына тек қолдау көрсетіп қана қоймай, солардың жүзеге асуына белсенді ат салысуға міндеттіміз», - деп іс-шараны қорытындылады.