Главная Новости ҚазИТУ «ЭКСПО-2017» көрмесінің іскерлік бағдарламасы аясында өткен WSEC-2017 инженерлер мен ғалымдардың Дүниежүзілік Конгресіне қатысты
22 маусым, 2017                  318814
ҚазИТУ «ЭКСПО-2017» көрмесінің іскерлік бағдарламасы аясында өткен WSEC-2017 инженерлер мен ғалымдардың Дүниежүзілік Конгресіне қатысты
Астанада 19-20 маусымда «ЭКСПО-2017» көрмесінің іскерлік бағдарламасы аясында «Болашақтың энергиясы: инновациялық сценаийлер және олардың жүзеге асыру әдістері» тақырыбында WSEC-2017 инженерлер мен ғалымдардың Дүниежүзілік Конгресі өтті. Әлемнің 51 елінен 1200-ден астам қатысушылар, оның ішінде 300 шетелдік ғалымдар мен инженерлер Конгресс жұмысына қатысты.

WSEC-2017 ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлер академиясы мен Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдарының академиясы.

Конгресс спикерлерінің қатарында төрт Нобель сыйлығының лауреаты, «Жаһандық энергия» Халықаралық сыйлығының сегіз лауреаты, БАӘ қоршаған ортаны қорғау министрі, Сан-Паулу штатының энергетика және тау-кен өндіру өнеркәсіп министрі, жетекші ғалымдар мен сарапшылар, т.б. болды.

Бағдарлама боынша пленарлық мәжіліс Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатын оқумен ашылды. Хатта «Инженерлер мен ғалымдардың дүниежүзілік конгресін Астанада өткізу адамзат алдындағы энергетикалық проблемалардың тиімді шешімдерін іздеуде тың серпін беріп, экономикалық өсімнің жаһандық моделін жетілдіруге елеулі үлес қосады деп сенемін», деген.

Қазақстан инженерлік – технологиялық университетінің ғалымдары профессор Темірбеков, доценттер Г.Сарсенбекова, З. Тукенова, Ж. Несипбаева, жас ғалым Ж. Тоқанова қатысты.

Ректор Н.М. Темирбеков "Развивающиеся страны на пороге третьей промышленной революции" тақырыбында баяндама жасады. Ал проректор Г. А. Сарсенбеков баяндамасының тақырыбы - «Strategic Transport Capacity Planning for mega-events, focused specifically at Astana Expo 2017».

WSEC-2017 инженерлер мен ғалымдардың Дүниежүзілік Конгресі Қазақстанда ғана емес, Орталық Азияда алғашқы рет өткізіліп отыр.

Екі күндік үлкен жұмыстың қорытындысы бойынша Конгресске қатысущылар Декларация қабылдады.