Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры Дөңгелек үстелде тың идеялар мен өзекті мәселелер қозғалды
6 сәуір 2022                  318872
Дөңгелек үстелде тың идеялар мен өзекті мәселелер қозғалды

2022 жылы 1 сәуірде сағат ҚазИТУ Ғылыми кітапханасында, Әлеуметтік-гуманитардық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ж.А.Тукебаева "Әдеби тілдің нормалары және олардың қазіргі әлемдегі маңызы" тақырыбында дөңгелек үстел диссусиясын өткізді.

Аталмыш шараға бағдарламалық инженерия, биотехнология, технологиялық машиналар және жабдықтар мамандығының студенттері қатысты.

Жиын барысында  «Әдеби орыс тілінің нормалары және олардың қазіргі әлемдегі маңызы" тақырыбындағы орыс тіліндегі зерттеу жұмыстары,  "нормаланған әдеби орыс тілі" дегеніміз не, ол қалай жұмыс істейді және оның қазіргі қоғамдағы маңызы жайлы талдау жұмыстары жүргізілді. Көрнекі мысалдармен студенттерге орыс тілінің нормаларын бұзу жағдайлары көрсетілді.

 Пікірталаста тараптар белсенділік танытып, тақырып аясында ойларын еркін жеткізді. Талқыланған тақырыпқа байланысты топ қатысушылары ұсыныстарын білдіріп, өзара пікір алмасты.