Главная Новости ҚазИТУ аруларды 8 - наурыз мерекесімен құттықтады
06 наурыз, 2017                  318814
ҚазИТУ аруларды 8 - наурыз мерекесімен құттықтады

2017 жылдың 6 наурызында Қазақстан инженерлік- технологиялық университетінде 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай Жастар Ұйымдары Комитетінің ұйымдастыруымен көңілді мерекелік құттықтау кеші өтті. Кеш басталмастан бұрын университетіміздің жігіттері қыздарға өз қошеметтерін білдіріп, жақсы көңіл күйде, көңілді әуенмен қарсы алды. Мерекелік кеште әсем әндер шырқалып, қызықты көріністер қойылып, ойындар ойнатылды. Әсіресе жігіттердің орындауындағы флешмоб көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. 1, 2, 3 курс студенттері: Жетеу Марат, Тойбазаров Шынғыс,Халиев Азимхан, Мәмбетәлі Жантас, Скаков Еламан, Шакен Дастан, Бурашев Санжар және басқа да жігіттер кешке белсенді қатысып, өз өнерлерін көрсетті.

Сонымен қатар, қыздарға арнап университетіміздің ұстаздарды, студенттері, және күзет қызметкерлерінің өзі құттықтау тілектерін видеоролик арқылы жеткізді. ҚазИТУ-дың Кеш соңында Жастар Ұйымдары Комитетінің президенті Кеңесбеков Береке аруларымызға жүрек жарды тілегін арнап, мерекемен құттықтады. ҚазИТУ ару қыздары университет басшылығына, кешті ұйымдастырған жастар ұйымдары комитеті белсенділеріне керемет мерекелік көңіл күй сыйлағандары үшін алғыстарын білдірді.

Жастар ұйымдары комитетінің баспасөз қызметі