Главная Кафедры Биохимиялық инженерия Новости кафедры Жаратылыстану кафедрасының математика пәнінің мұғалімі Байзакова Ж.С. ашық сабақ өткізді
24 наурыз 2022                  318879
Жаратылыстану кафедрасының математика пәнінің мұғалімі Байзакова Ж.С. ашық сабақ өткізді

24 наурызда «Жаратылыстану-ғылыми пәндері кафедрасының математика  пәнінің  оқытушысы  Байзакова Ж.С. «Жоғарғы ретті сызықтық дифференциалдық теңдеулер» тақырыбы бойынша ашық сабақ жүргізді.Жаратылыстану-ғылыми пәндері кафедрасының меңгерушісі Ш.А.Муздыбаева мен  білікті математика маманы Ф.У.Утеглаиева қатысты. Сабақ барысында n-ші ретті сызықтық  дифференциалдық  теңдеу бірінші жəне жоғарғы ретті теңдеулер, теңдеулер жүйелері, орнықтылық теориясы элементтері, дербес туындылы бірінші ретті теңдеулер жəне Лаплас интегралдық түрлендірулерінің негіздері ұсынылған. Негізгі теориялық тұжырымдар мысалдар, жаттығулар жəне мəселе есептерді шығару арқылы сабақты жүргізді.Сабақ жүргізу барысында оқытушы мотивациялық әдісті қолданып, берілген тапсырмалар мен есептеулерде  студенттерді ынталандыру арқылы сабақты қызықты және жоғары деңгейде өткізді.