Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры ҚазИТУ-да маркетинг саласы бойынша жоғары білікті мамандар даярлайды
26 сәуір 2022                  318977
ҚазИТУ-да маркетинг саласы бойынша жоғары білікті мамандар даярлайды

Кез келген жас өркен жоғарыға өркендеу үшін оның фундаментальді тірегі болуы керек. Біздің заманымызда сол фундаменттің бастауы білім алудан басталады. Білімді жас елін көркейтеді. Қазақстан Республикасының жас азаматтарының қазіргі транзиттік кезеңде еңбек нарығында өз білімі мен тәжірибесін жүзеге асырып, орнықты позицияны иеленуіне, лайықты жұмысқа орналасуына Қазақстан Инженерлік-Технологиялық университеті сіздерге жол көрсетеді.

Бүгінгі салада менеджмент, маркетинг ұғымдары қолданылады. Сол себепті бүгінгі нарық заманында бәсекеге қабілетті болу үшін кез-келген саланың мамандары бұл екі жүйемен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Барлық мекеменің алдында бір ғана мақсат ол тұтынушыға қажетті дүниені ұсыну ғана емес, сонымен бірге қанағаттанарлық дәрежеде сұранысқа ие болу.

Осы салада білікті мамандарды дайындауда тек қана білім алумен ғана шектемей келесі бағыттар бойынша тәрбиелеу: "Мәңгілік ел" және "Рухани жаңғыру"бағдарламаларын іске асыру шеңберінде дүниетанымдық, патриоттық, құқықтық мәдениет, салауатты өмір салты, рухани - адамгершілік қасиеттерінде кафедрамыз үлкен ат салысуда.