Главная Кафедры Биохимиялық инженерия Новости кафедры ҚазИТУ-дың өзге оқу орындарынан ерекшелігі
28 сәуір 2022                  318922
ҚазИТУ-дың өзге оқу орындарынан ерекшелігі

Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті Академиялық қалашықта орналасқан. Маңайында 14 ғылыми-зерттеу институты бар.

Атап айтқанда, «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы», «Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институты», «Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты», «Қазақ бау-бақша шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты», «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» және т.б. ғылыми-зерттеу институттарымен ҚазИТУ тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. Әр ғылыми-зерттеу институтымен келісімшарт жасалған. Бұл өз кезегінде ізденімпаз студенттің білімін шыңдауына, өндірістік тәжірибеден өтіп, ғылым жолына бет бұруына септігін тигізері анық.

Хәкім Абай «Дүние де өзі, мал да өзі, ғылымға көңіл бөлсеңіз» дейді. Ғылым жолына түскіңіз келсе, білікті маман, білімді азамат атанып, кәсібіңізді дөңгелетем десеңіз – ҚазИТУ-ға қош келдіңіз!