Главная Кафедры Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы Новости кафедры • ҚазИТУ оқытушысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ілгерілету жөніндегі Орталық Азия тобының кездесуіне Қазақстан атынан қатысты
29 сәуір 2022                  318975
• ҚазИТУ оқытушысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ілгерілету жөніндегі Орталық Азия тобының кездесуіне Қазақстан атынан қатысты

18-19 сәуірде Ташкент қаласында «Орталық Азиядан ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауды ілгерілету» тақырыбында Орталық Азия тобының VI өңірлік кездесуі өтті. Жиынға  бірнеше елден ғалымдар, Қазақстан делегаттары, соның ішінде Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті  "Технология, жабдық және стандарттау" кафедрасының қауымдастырылған профессоры С.Ж. Қазыбаева қатысты. ОАӨА отырысында БҰҰ ЕЭК-тің қолданыстағы бірқатар стандарттарына өзгерістер енгізу мәселелері талқыланды; 2021 жылғы қызметке мониторинг және бағалау, ұлттық техникалық жұмыс топтарының есебі; білім мен технологияларды кеңейту және т. б. Қазақстан үшін 2022 жылға арналған жұмыс жоспары, БҰҰ ЕЭК стандарттарына түсіндірме материалды пысықтау белгіленді: таңқурай мен бақша құлпынайы,құлпынай және басқа да дақылдар бойынша екі плакат, алма ағашына арналған кітапша. Сондай-ақ, Қазақстанның фермерлік шаруашылықтарында халықаралық стандарттарды енгізу технологиялары қарастырылды. ЦАРГ өкілдерімен де, Қазақстан фермерлерімен де одан әрі ынтымақтастыққа үміттенеміз.