Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры ҚазИТУ студенттері тіл жанашыры Аслы Әлиқызы Османмен кездесті
4 мамыр 2022                  318935
ҚазИТУ студенттері тіл жанашыры Аслы Әлиқызы Османмен кездесті

З мамырда Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің студенттері , Қазақстан халқының бірлігі күніне орай , Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері, көрнекті  ғалым, Филология ғылымының докторы, профессор, «Парасат ордені» және «Тіл жанашыры» құрмет белгісінің иегері Асылы Осман Алиқызымен кездесу өткізді. Сырласу кеші студент жастарды отансүйгіштікке баулу, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мәселелеріне арналды. Кеш кейіпкері өзінің қазақ тілінің тағдыры жайлы ойларымен бөлісіп, қоғам өмірі туралы жастарды толғандырып жүрген көкейтесті сұрақтарға жауап беріп,  қазақ екенімізді құрмет тұтуға жетерлік құндылықтарымызды бағалауымыз керек екендігін баса айтты. Кездесу барысында өнерпаз студенттер қоғам қайраткеріне арнау өлеңдер оқып, ән мен күйден шашу шашты, қолтаңба алып, ескерткіш суретке түсті.