Главная Кафедры Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы Новости кафедры ҚазИТУ мен Кубан мемлекеттік аграрлық университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
18 мамыр 2022                  318986
ҚазИТУ мен Кубан мемлекеттік аграрлық университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2022 жылы 18 мамырда Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде Кубан мемлекеттік аграрлық университетінің өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуде жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды. ҚазИТУ ректоры Г.А. Сәрсенбекова университет туралы, білім беру бағдарламаларының бағыттары және ҚазИТУ дамуының жылдам динамикасы туралы баяндады. Сондай-ақ Кубан мемлекеттік аграрлық университетінің Халықаралық байланыстар бөлімінің бастығы Дарья Андреевна Чурянина сөз сөйлеп, университет туралы, оның қай бағытта жұмыс істейтіні және ҚазИТУ-мен ынтымақтастыққа дайын екендігін жеткізді. Кездесуде университеттер арасындағы студенттер мен оқытушылық-профессорлық құрамның тәжірибе алмасуымен қатар, бірлескен білім беру бағдарламаларын, екі дипломды бағдарлама, ғылыми жобалар жұмысы туралы тақырыптар көтерілді. Жиын соңында тараптар  арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.