Главная Новости Колледж түлектеріне диплом табыс етілді
18 июль, 2017                  318708
Колледж түлектеріне диплом табыс етілді
Қазақстан инженерлік-технологиялық университет Колледжінде «Ақ жол саған – ҚазИТУ түлегі – 2017» атты түлектердің бітіру салтанатына арналған фестиваль өтті.

Шараны құттықтау сөзімен ашқан ҚазИТУ ректоры, профессор Нұрлан Мұқанұлы Темірбеков жиналғандарды құттықтап, түлектерге жылы лебізін арнады.

ҚазИТУ колледжінің директоры М. Шалабаева жас ұрпақты заман талабына сай тəрбиелеудегі қосқан үлестері үшін ата-аналарға алғыс білдіріп, бітіруші түлектерге ақ жол тілеп, диплом мен мақтау қағаздарын табыс етті.

Келесі кезекте мамандықтар бойынша түлектерге дипломдарын университет проректоры Г. Сәрсенбекова, проректор міндетін атқарушы З. Тукенова, департамент директоры Р. Қарибжанова, декан З. Матаева және кафедра меңгерушілері салтанатты түрде табыс етті. Жиын барысында түлектер және ата-аналар сөз сөйлеп, университет басшылығы мен оқытушыларына алғыс айтып, жылы лебіздерін білдірді. Колледждің өнерлі білім алушылары салтанат иелеріне арнап концерттік бағдарлама ұсынып, əн-жырдан шашу шашты.

ҚазИТУ түлектеріне жарқын болашақ, ақ жол тілейміз! Қанаттарыңыз талмасын!