Главная Кафедры Биохимиялық инженерия Новости кафедры ҚазИТУ студенттері Аю-сай шатқалына саяхат жасады
2 маусым 2022                  318931
ҚазИТУ студенттері Аю-сай шатқалына саяхат жасады

Қазақстанның тaбиғаты көз тартар, аса көркем. Бар сұлулықты өз бойына жинап алған өлке. Алтайдан Атырауға дейін созылған кең байтақ қазақ даласының қай бұрышын алсаң да, тарихи тағылымға тұнып тұрған шежіре, ашылмaған сырға толы, қойнауы құт-ырыс дарыған киелі мекен.Қарасаң көз сүріндірер көркі бар өлке, кез-келген адамға таң-ғажайып әсер қалдыратыны сөзсіз.

Осы тұста 1 маусым күні  Қазақстан  инженерлік-технологиялық университетінің оқытушылары мен студенттері, табиғатты тану, сезіну және оның ерекше екенін терең түсіну  мақсатында, Үлкен Алматы көлінің сол саласымен ұштасқан  Аю-сай шатқалына эксурсия жасады. Студенттер таудың табиғатына тамсанып, таза ауада серуендеп, қазақтың қара домбырасымен күмбірлетіп күй тартып, қосыла ән салып көңілді демалыс ұйымдастырды. Топ эдвайзері Ж.С.Байзакова , «Табиғaтты аялау әрбір адамның абыройлы да азаматтық парызы. Табиғатты сүйе білген, оны аялай білген адамның ары да, жаны да таза болады. Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау әрбір адамның борышы»- деп пікір білдірді.

Елімізде өзіндік орны бар табиғаттың көркем жері саналатын Аю-сай шатқалымен әр тұлға мақтануы тиіс!