Главная Новости Талапкерлер ҚазИТУ-ға түсу үшін құжаттарды үйден шықпай-ақ тапсыра алады
13 шілде 2022                  318911
Талапкерлер ҚазИТУ-ға түсу үшін құжаттарды үйден шықпай-ақ тапсыра алады

Заманауи ақпараттық технологиялар мемлекеттік қызмет түрлерін онлайн режимде алу мүмкіндігін кеңейтуде. Пандемия жағдайында ҚазИТУ-ға бетпе-бет байланыссыз құжаттарды тапсырудың бірнеше тәсілдері әзірленіп, сынақтан өтті.

Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде талапкерлерді виртуалды қабылдау ең сенімді тәсілдерінің біріне айналып отыр. Өткен жылы шалғайдағы ауылдардың мыңдаған түлектерінің құжаттары қабылданды.

Биылғы жылы Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті виртуалды кеңселерін қайта ашты және қабылдау комиссиялары алғашқы жұмыс күндерінен бастап өтініштерді онлайн қабылдауға әзір. Мұнда университет қызметкерлері кеңес береді және бейне байланыс арқылы құжаттарды қабылдайды.

Қызмет көрсетудің тиімділігі мен жылдамдығын арттыру мақсатында сондай-ақ, ауа райының аптап ыстығы жағдайында қызметкерлердің штаты кеңейтілді. Қызмет көрсетуге студенттер қатарынан еріктілер тобы тартылуда. Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің  басшылығы қабылдау комиссиясына толық дайындығы туралы мәлімдейді.

 Биыл білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2022 жылдың 13-20 шілде аралығында жүзеге асырылмақ. Сондықтан Egov электронды үкімет порталындағы уақытша олқылықтар талапкерлердің қызмет көрсету сапасына және құжаттар тапсыруына еш кері әсерін тигізбейді.

Университеттер мен виртуалды қабылдау комиссиялары үшін барлық қажетті байланыс ақпараттары Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтында орналасқан.