Главная Новости ҚазИТУ басшылығы «Адами капитал – жаңа Қазақстан дамуының негізгі ресурсы» форумында
24 тамыз                  319010
ҚазИТУ басшылығы «Адами капитал – жаңа Қазақстан дамуының негізгі ресурсы» форумында

Бүгін «Адами капитал – жаңа Қазақстан дамуының негізгі ресурсы» атты ҚР ғылым және жоғары білім форумы басталды. Аталған шараға Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің ректоры Сәрсенбекова Гүлнар Әлібекқызы бастаған бір топ мамандар форумға қатысуда.
Форумды ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Қазақстанның ғылымы мен жоғары білімі»: қайта құру нүктелері» форсайт-сессиямен ашып, «Кредиттік оқыту технологиясының жаңа жағдайындағы бағалау жүйесі», «Ғылыми метрикалық мәліметтерге негізделген стратегиялық шешімдерді қабылдау» семинарларымен жалғасты.
Форум барысында жаһандық трендтерге сәйкес заманауи білім берудің негізгі үрдістері қызу талқыланатын болады. Жоғары білім мен ғылым жүйесін дамыту бағыттары айқындалады.
Форумға Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің проректорлары Д.Ақпанбетов пен О.Каруна Astana IT University қабырғасында өтіп жатқан семинарларға қатысуда. Форум ертең пленарлық отырыспен жалғасын табады. #gylym_jogarybilim #адамикапитал2022