Главная Новости ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ
8 қыркүйек 2022                  321210
ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ

8 қыркүйекте Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті ұжымы  мен «Amanat» партиясының Бостандық аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшелері және аудандағы белсенді партия мүшелерімен бірлесе  мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет.Біртұтас ұлт.Берекелі қоғам» атты Жолдауын негізге ала отырып,   «Ұлттық қор- болашақ ұрпақ игілігі үшін» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізді. Бұл шараның басты мақсаты мемлекет басшысының соңғы Жолдауында алға қойған мақсаттары мен міндеттері туралы пікір алмасып, талқылау, сараптама жүргізу.

Жиынға еліміздің мемлекет және қоғам қайраткерлері, университет басшылығы , оқытушы-профессорлық құрам, студенттер мен жас ғалымдар қатысты.

Басқосуда Қазақстан инженерлік – технологиялық университеті ректоры Сәрсенбекова Гүлнар Әлібекқызы жолдаудың өзектілігі және саяси-қоғамдық өзгерістердің маңыздылығы жайлы баяндап, мән-маңызына тоқталды. Сондай-ақ, Әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры Котошова К.К. «Концепция слышащего государства», тарих ғылымдарының магистрі Нуртазаева А.Б. «Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеудің маңызы» тақырыбында баяндама жасады. Дөңгелек үстелді қорытындылай келе ҚазИТУ ректоры Г.Сарсенбекова Президент Жолдауында еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуының басым бағыттары айқындалғанын атады.Денсаулық сақтау жүйесін жақсарту, білімді қолдау мен дамыту және мемлекет дамуында маңызы бар басқа да мәселелерге кең көңіл бөлінген.Реформалар жалғасады.президент Жолдауы әрбір қазақстандықты жігерлендіретін ұлттық және халықаралық аумақтағы құжат деп сенім білдірді. Жолдауды талқылауға қатысушылар мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығы жолында қазақстандық қоғамды топтастыру мақсатын, қоғамдағы бірлік пен келісімді сақтау, мемлекетімізге қол сұғушылықтың кез келген түріне табанды түрде тойтарыс беру қажеттілігін қолдайтындықтарын айқындайды.