Главная Новости «Қала күні» мерекесіне орай дәстүрлі «Alma Fest» фестивалі өтті
17 September, 2017                  318624
«Қала күні» мерекесіне орай дәстүрлі «Alma Fest» фестивалі өтті

   Алатаудың баурайындағы тамаша табиғаты аспанмен таласқан, жасыл желегімен нарттай алмасымен танымал мың жылдық тарихы бар Алматы қаласының тұрғындары «Қала күні» мерекесіне орай дәстүрлі «Alma Fest» фестивалін Тұңғыш Президент саябағында тойлады.
   Қазақстан инженерлік - технологиялық университетінің студенттері бұл шарадан тыс қалмады. Рухани мәдениеті жаңғырған әсем қаланың қуанышымен бөлісті. Көкейде, көз алдымызда туындағын керемет, таңғажайып көріністер студенттерге үлкен әсер қалдырды.Аталмыш фестивальда әлемге танымал «Алматы апортының» жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде әсем қаламыздың әр өңірінен жеткізілген 100 тоннадан астам алма түрлері болды. Сонымен қатар ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткерлерінің, эстрада жұлдыздарымен концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, қазақы қолөнер шеберлерінің көрмесі болды.Қала күні Алматының тұрғындары мен қонақтарын өте мазмұнды мәдени - көңілді іс- шаралармен қуантты. Аталмыш мереке ҚазИТУ студенттерімен қатар жиналған халықтың да көңілінен шыға білді.
   Ұлы Даланың рухани мәдениеті мен болашаққа бастар жолда жарқыраған «Тәуелсіздіктің алтын бесігі –Алматы» қаламыздың төл мерекесі студенттеріміздің патриоттық рухын көтеріп, жақсы көңіл –күй сыйлады.