Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры ҚазИТУ-да Тілдер мерекесі жоғары деңгейде өтті
21 қыркүйек, 2017                  318678
ҚазИТУ-да Тілдер мерекесі жоғары деңгейде өтті
   22-қыркүйек Қазақстан Республикасы Тілдер мерекесіне орай Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы, Тіл мамандарының ұйымдастыруымен «Тұғыры биік туған тілім-киелі» атты мерекелік кеш өтті.
   Кештің шымылдығы қазақ биімен ашылса, 2-курс студенттері Дәулеткелді Тұрар, Двойник Даниил және 1- курс студенті Қажыбекқызы Ақмарал кеш тізгінін ұстады. Алғашқы мерекелік құттықтау сөз кезегі ҚазИТУ ректорының кеңесшісі Әміреева Тынышкүл Молдашқызына берілді. Сонымен қатар 2- курс студенттері Сұран Айым, Сүлейменова Аида әсем ән шырқап, университет және колледж студенттерінің бірлесе билеген лезгинка биі көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.1-курс студенттері Рысқалиева Аяжан Иса Сәнім ана тілін жырға қосып, шабыттана өлең шумақтарын оқып жүректерді тебірентті.
   Кеш соңы әкімшілік және шаруашылық департаментінің директоры Карибжанова Роза Оспанқызының қорытынды құттықтау сөзімен аяқталды. Мерекелік шара жоғарғы деңгейде өтті.