Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры Ғылыми жоба «Мен жастарға сенемін!»
29 қараша, 2016                  318850
Ғылыми жоба «Мен жастарға сенемін!»
«Жандану әлемі» қорының қолдауымен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің жастар қанаты «Жас Отан», Қазақстан Жазушылар одағы мен Алматы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен «Мен жастарға сенемін!» атты ғылыми жобаға «Экономика және қаржы» кафедрасының студенттері Әбдіқалықова Жібек және Құндыбаева Айман өздерінің туындыларымен жобаға қатыса отырып, марапатқа және жеке куәлікке ие болды.

Мен жастарға сенемін !

Қадам басар болашаққа сеніммен,
Жүйрік оймен озып шығар теңінен.
Білім алып, еңбек етер талмастан,
Жұлдыздары жанып тұрар көзінен.
Қазағымның жастары бәрі түгел серілер,
Ел намысын қорғайтын ,сескенбейтін бөрілер.
Қабанбай мен Бөгенбай,батырлардың жалғасы
Істеген әр ісінен ерліктері көрінер.
Арулары қазағымның ибалы,
Тәрбиелі,биік тұрар иманы.
Жібекпенен Күләштарды жалғайды
Өзі көркем,өзі әдемі,сырғалы.
Гүлдентетін қазағымның даласын
Нәрлендірер жастарымның санасын.
Нұр Ағама үлкен алғыс, мың тағзым,
Ертеңіме үлгі болар данасың.
Мен де аянбай еңбек етем қашан да,
Ел мұраты,ел мақсаты жолында.
Қазір,мейлі,жасөспірім болсам да,
Ел ертеңі жастарымның қолында.


Автор: Әбдіқалықова Жібек