Главная Новости Құқық қорғау қызметкерімен кездесу өтті
4 October, 2017                  318713
Құқық қорғау қызметкерімен кездесу өтті
Қазақстан инженерлік-технологиялық техникалық колледжінің студенттері 2017 жылы 4 қазанда Алматы қаласы Бостандық ауданы ІІД Ювиналдық полиция инспекторы, полиция майоры Алимбекова Асель Мергенбайқызымен кездесті. Кездесу барысында полиция қызметкері кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық туралы, әлеуметтік желілердегі суицидке итермелейтін түрлі сайттардан аулақ болу керектігі, түнгі клубтарда, ойын-сауық орындарында немесе басқа да жерлерде түнгі 11-ден кейін жүруге болмайтындығын, ондай жағдайда әкімшілік кодексінің №127 бабы бойынша ата-аналары жауапқа тартылатындығы туралы ескертті. Сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес кәмелетке толмаған балаларға темекі, алкоголь өнімдерін сатқаны үшін жауапқа тартылу қажеттілігін айтты. Кездесу соңында студенттер полиция қызметкеріне өздерін толғандырып жүрген сауалдарына қанағаттанарлық жауаптарын алды.