Главная Новости МИТУ-да "Жаныңда жүр жақсы адам" айдарының кезекті отырысы өтті
28 november 2022                  319133
МИТУ-да "Жаныңда жүр жақсы адам" айдарының кезекті отырысы өтті

 24-ші қараша күні Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде Ғылыми кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен дәстүрге айналған ‘’Жаныңда жүр жақсы адам’’ айдарының кезекті отырысы өтті. Кеш қонағы  Экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Экономика және қаржы кафедра меңгерушісі Дильдебаева Жұлдыз Тұрсынқызы. Аталған іс-шараның мақсаты - университет қабырғасында студенттерге білім беріп, тұлға болып қалыптасуына септігін тигізіп жүрген ұстаздар қауымының  өмірбаянын, басынан өткен қызықты сәттерін, студенттік шағындағы естеліктерін, сонымен қатар өскелең ұрпаққа берер тәлім-тәрбиесін, бағыт-бағдарын ,  ақыл-кеңесін тыңдау.

Кеш басында университет ректоры Сәрсенбекова Гүлнар Әлібекқызы сөз сөйледі. Шараға жиналған ұатысушыларды құттықтап , кітапхана ұжымына алдағы уақытта осындай іс-шаралар университет қабырғасында ғана емес, республика көлемінде өтуіне тілестес екенін білдірді. Сұхбат барысында кеш қонағы Жұлдыз Тұрсынқызы  студенттерге  білікті маман атануы үшін ең басты  құндылықтарды атап өтті. Ізденімпаздық , талап, терең ой осы қасиеттерді ұстанған жағдайда  Жаңа Қазақстанда бәсекеге қабілетті сапалы маман атанады деген ойымен бөлісті.  Кешіміздің сыйлы қонағына студенттер өздерінің көкейінде жүрген түрлі сұрақтарын қойып, ұстаздың өзге де қырларынан танып білді. Ұстаз өзінің жүріп өткен жолымен, жеткен жетістіктерімен бөлісіп , терең білім алып өмірден өз орындарын табуға зор үлес қосып, шәкірттеріне ақ батасын берді.

 

    Кешке  Жұлдыз Тұрсынқызының еңбектерінен  кітап көрмесі ұйымдастырылды.  Одан әрі  кітапхана меңгерушісі Заги Садуақасқызының орындауыда  ‘’Анажан’’ атты  ән шырқалды. Кеш соңында  Студенттік ректор 2 курс студенті Келдібеков Мейірбек, арнайы ұстазына арналған видеороликпен бөлісіп, алғысын білдірді.  Кеш соңын студенттік хор ”Ұстазым’’ әнімен әсемдеп, керемет көңіл күймен, қимастықпен қоштасты.