Главная Новости Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде театр күні
9 ақпан 2023                  3495
Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде театр күні

7 ақпанда  Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті ұжымы мен студенттері университет ректоры Г.Сәрсенбекованың бастамасымен жастардың рухани-адамгершілік мәдениет деңгейін арттыру, бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында,  Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының  “Енелер мен келіндер» атты комедия жанрындағы қойылымын тамашалауға барды.

Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын насихаттайтын, өскелең ұрпаққа терең ой салатын мағынасы терең қойылым  авторының негізгі идеясы адам санасын заман ағымы өзгертсе де, дәстүр мен салттың тозбасы анық екенін жеткізуге бағытталғаны анық байқалды.Тәрбиелік мәні зор қойылым тыңдаушы көрермен көңілінен шыққаны сөзсіз.Себебі залдағы түрлі эмоциялар мұның айқын дәлелі болды.

Қойылым соңында көрерменнің ыстық ықыласына бөленген әртістер қауымына университет ректоры Г.Сәрсенбекова ықылас гүлін табыстап, шығармашылық табыс тіледі. Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің театрға саяхат айдарының дәстүрі бойынша естелікке суретке түсіп, студенттер  әртістермен сұхбаттасты.