Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті мен Каршин мемлекеттік университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
30 желтоқсан 2022                  1144
Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті мен Каршин мемлекеттік университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

20 желтоқсанда Өзбекстанда өткен Ресей, Беларусь және Қазақстан жоғары оқу орындарының ғалымдарын біріктірген Каршин мемлекеттік университетінде  "Қазіргі заманғы тәрбиедегі халық педагогикасының рөлі" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция жұмысына арнайы шақыртумен Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің қауымдастырылған профессоры, «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері» кафедрасының меңгерушісі Ж.А.Тукебаева қатысып,  "Қытай және қазақ аудиторияларында этнопедагогика дәстүрін қолданудың инновациялық технологиялары" атты тақырыпта баяндама жасады.

Конференция жұмысында халықтық педагогиканы зерттеудің ғылыми-теориялық негіздері, қазіргі білім берудегі этнопедагогикалық және этнопсихологиялық тәсілдері, үздіксіз білім беру жүйесінде ұлттық тәрбиені ұйымдастырудың мәселелері мен перспективалары,  халықтық педагогиканы қалыптастырудағы этнографияның міндеттері, ұлттық дәстүрлер негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі ана тілінің рөлі,  пайдаланудың инновациялық технологиялары халықтық педагогика дәстүрлері сынды әртүрлі бағыттар бойынша өзекті педагогикалық мәселелер талқыланып, қатысуішылар өзара тәжірибе алмасты.

Кездесу соңында Каршин мемлекеттік университеті мен Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті арасында тараптар  өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Келісімшарттың негізгі мақсаты білім беру, ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет салаларындағы ынтымақтастық, университеттер арасындағы серіктестік жүйесін дамытуды қамтамасыз ету, ғылыми орталықтар, зертханалар негізінде бірлескен жобалар аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, бірлескен қос дипломдық білім беру, кәсіптік білім беру, жоғары білікті кадрларды даярлау, идеялармен, ақпаратпен және технологиялармен алмасу, сондай-ақ бірлескен тәжірибелік жұмыстарды ұйымдастыру болып негізделді.