Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры «Ағылшын клубы» кезекті жұмысын бастады
11 қазан, 2017                  318629
«Ағылшын клубы» кезекті жұмысын бастады
Сіздің ағылшын тілінде еркін сөйлей алуыңызға қандай кедергілер бар? Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің «Ағылшын клубы» осы міндеттерді өз жауапкершілігіне алады. Аптаның әр сәрсенбі күні, ҚазИТУ-да «Ағылшын клубы» студенттерге ақысыз қызмет көрсетеді. 2017 жылдың 4-қазан айында Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, проректор Сәрсенбекова Гүлнәр Әлібекқызының қолдауымен аталмыш клубтың жетекшілері А.Д.Маемгенова, Т.С.Мадилова кезекті жұмысына қызу кірісті. Үштілділік жөніндегі сөз Елбасымыздың “Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар - қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі” деген салиқалы үндеуінен бастау алған болатын. Міне, осы үндеуді есепке ала отырып, білім алушылардың ағылшын тілінде еркін сөйлей алуына «Ағылшын клубының» үлесі зор.