Главная Новости Еңбекпен ел көгереді
13 октябрь, 2017                  318664
Еңбекпен ел көгереді

   Еңбек тәрбиесінің адам өмірінде қаншалықты маңызды екенін білетін ҚазИТУ білімалушылары 2017 ж. 13-14 қазанында сабақтан кейін көңілді күймен қолдарына еңбек құралдарын алып, білек сыбана сенбілікке шықты. Студенттер мен оқытушылар университет қалашығы мен аумағын тазартты. Бірнеше сағаттың ішінде «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білген» ҚазИТУлықтар еңбегінің арқасында айнала мұнтаздай тап-таза болды. Алтын күздің сыйға тартқан табиғат әдемілігі де көз тартып тұрды. Таза ауадағы табиғат аясындағы жасалған еңбек бойды сергітумен қатар ұжымдық мәдениетті де арттыра түсті.
   «Жастар жылында» ҚазИТУ студенттерінің ізгілікті жолдағы жолдағы жобалары да көп болғай!