Главная Новости Алаш Орда және ұлт-азаттық идеясы
16 october, 2017                  318639
Алаш Орда және ұлт-азаттық идеясы
2017 жылғы 16 қазан күні сағат 17.00 де М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік драма театрында Алаш Орданың 100 жылдығына арналған “Алаш туы астында!” салтанатты кешке ҚазИТУ студенттері қатысты. Айтулы шараны ашқан Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек 20 ғасырдың басында «Алаш» қозғалысы қайраткерлерінің тәуелсіздік үшін күрескенін атап өтті. «Сол кездегі қазақ интеллигенциясы тәуелсіздікке жетудің стратегиясы мен тактикасын жасауға ұйытқы болды. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында: «18-19 ғасырларда Қазақ хандығы құлағаннан кейін қазақтардың арынды рухы бұрқ етіп сыртқа шығудың әртүрлі жолдарын қарастырды. Сол кезде қазақтарда өз мемлекетін құру үміті тағы да ояна бастады. Ол концертте студенттер Алаш Ордасының зиялыларын айта кетсек Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов және т.б. тұлғаларды еске алды. Шара аясында Алаш қозғалысына арналған салтанатты кеш ұйымдастырылып, оған мәдениет пен өнер өкілдері, қоғам қайраткерлері, жастар жәна басқалары қатысты. “Мен сенемін жастарға, Алаш атын аспанға, шығарар олар бір таңда, мен жастарға сенемін” деп Мағжан Жұмабаев айтып кеткендей осы ұстаныммен КазИТУ студенттері белсене қатысты.